Ситуациялық орталықтың берері көп

Screenshot_17.jpg

Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің бұйрығына сәй­кес барлық туу жасындағы әйелдер жыл сайын профи­лак­тикалық тексеруден өт­кі­зі­леді. Бұл ана мен бала өлімін азайту үшін қолға алынып отырған ауқымды бағдарлама. Жүкті әйелдердің ден­саулығын тұрақты бақылау мақсатында Отырар аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімшесінен арнайы «ситуациялық орталық» ашыл­­ған. Міне, осы жерде олар­дың денсаулығына тұрақ­ты түрде бақылау жасалады. Соның арқасында Отырар ауданында жыл сайын туу көрсеткіші артып келеді. 

Бүгінде аудандық ауруханада 119 дәрігер тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. Оның 52-сі біліктілік санаты бар қызметкер, 35-і жас маман. Ал, мейіргерлердің 68 пайызында біліктілік санаттары бар.

Сонымен қатар, Отырар аудандық ауруханасының емхана бөлімшесінен қосымша 4 деңгейдегі шақыртуларға дәрігерлік көмек көрсету бригадасы жұмыс атқарады. Қосымша бригада «Көмек» ақпараттық жүйесімен жабдықталған. Жедел жәрдем шақыртулар тікелей диспетчерге түседі, сол арқылы көмектің мерзімінде жетуін қамтамасыз етілген.

Айта кетейік  аурухана 185 тәуліктік және 45 күндізгі төсек орынға арналған, құрамында 6 бөлімше және 4 ауылдық аурухана бар. Аурухана соңғы заманауи құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ситуациялық орталықтың берері көп