Емхана жұмысына жоғары баға берді

Screenshot_18.jpg

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қалалық орталық емхана жұмысына жоғары баға берді. 

Агенттік төрағасы Түркістан облысына жұмыс сапарында облыс басшысымен бірге бірқатар нысандарды аралап, Түркістан қалалық орталық емхананың жаңа технологияларымен танысты.

Мұқан Егізбаев басқаратын облыстың денсаулық саласы заманауи технологиялармен толығуда. Соның бір ғана мысалы – аталған емханада қызмет көрсету түрлерін сандық жүйеге көшіру жұмыстарының қолға алынуы. Мұнда терминалда әркім өзіне төлемді анықтамалық қызмет көрсететін инфокиоск жүйесімен жұмыс істеуіне болады. Жылдам анықтама беретін тауар белгісінің үлгісі жазылатын  куаркод, онлайн  хабарлау, колл-центр, барлығы да тікелей кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне қосылған. Автоқоңырау, соңғы жаңа өзгерістер бойынша ұялы телефонның экранына шығатын қысқаша хабарлама (ПУШ) сынды халыққа тиімді қызмет түрлері енген. Оған қоса науқастарға смс-хабарлама жеткізу ісі мен тіркеу орынын аз уақыт ішінде қолға алу жүзеге асқан. 

Алик Жатқамбайұлы емханадағы қызмет түрін Нұр-Сұлтан қаласындағы емдеу орындарымен салыстыра отырып, жоғары баға  берді. Тағы бір халыққа тиімді тұсын айта кетсек, аталған орталық емхананың тіркеу орнында Елбасының талабын орындау мақсатында «Адалдық алаңы» және әлеуметтік қызмет көрсету орындары ашылған. Оған қоса науқастарды сырқат түріне байланысты емдеу түрлеріне бөлетін триаж жүйесі ашылып, халықтың уақытым тиімді пайдалануына жағдай жасалуда. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Емхана жұмысына жоғары баға берді