Тұрғындарға тегін кеңес берді
Түркістан облысының Ордабасы аудандық орталық ауруханасында «Артериялық гипертония» дертіне шалдыққан науқастар үшін Ашық есік күні өтті. Пациенттер кардиолог, оториноларинголог, офтальмолог, хирург, онколог, эндокринолог, акушер-гинеколог сынды дәрігерлердің қабылдауында болып, денсаулықтарын тегін тексертті.
Бұл күні ауруханаға патологиядан зардап шегетін пациенттер шақырылды. Қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтау, көздегі қан қысымын өлшеу арқылы антропометрияны (салмағы мен бой өсуін анықтау) өлшей отырып, дәрігерге дейінгі кабинеттердің жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, пациенттер қатерлі ісіктердің алдын алу үшін тексеріліп, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың кеңестеріне жүгінді. Емделушілермен дұрыс тамақтанудың ағзаға пайдалы екені жайлы әңгіме жүргізілді. Тағамның құнарына, тамақтану тәртібіне қатысты слайдтар көрсетіліп, брошюралар таратылды. Дәрігерлер тұрғындарға салауатты өмір салтын ұстанып жүруге шақырды.
Бақытжан Мырзагелдиев басқаратын ауруханада дәрігерлер күні бойы науқастардың дертіне шипа іздеп, оларды дәрігерге тұрақты түрде тексеріліп жүруін талап етті.