Қазақстанда белсіздікке шалдыққан  ерлердің саны төмендеген


6c7bfb03-34cd-486f-94a5-7ec553176454.jpg    Түркістан облысының дәрігерлері ерлер денсаулығын жақсарту мәселесіне қатысты ауқымды жұмыс жасауда. 


    Қазақстанда белсіздікке шалдыққан  ерлердің саны төмендеген. Ер кісілер арасында импотенцияға шалдығу көрсеткіші 57 пайыздан бірден 17 пайызға төмендеді,  дейді еліміздің бас урологы Мырзакерім Алшынбаев.  

    Білікті маман  бүгін Түркістан облыстық клиникалық аурухана базасында шеберлік сабағын өткізіп, жетекші дәрігерлермен тәжірибе алмасты. Бас уролог елімізде ерлер денсаулығын жақсарту жылдан жылға жақсарып келе жатқандығын алға тартты.

     Қазір Қазақстандағы барлық облыста ерлер денсаулық мектебі жұмыс істейді. Мұндай орталық елімізде бірінші рет 2012 жылы облыстық клиникалық аурухана базасында ашылған болатын. Жеті жылдан бері мұндағы мамандар 18 мың ер адамды медициналық тексеруден өткізді.