Түркістандық дәрігерлер кәріз жүйесіне құлаған баланы құтқарып қалды

   Screenshot_1.png

    Бүлдіршін Жетісай аудандық орталық ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген. Ақ халаттылар 2 жасар Бақытбек Сабыржанның өмірімен бірнеше сағат арпалысқан. Шұғыл түрде аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген сәбиді аман алып қалу үшін реаниматолог дәрігері Нұрсұлтан Шойбеков пен балалар бөлімінің меңгерушісі Зульфия Кешубаева бастаған бір топ дәрігер бірнеше сағат бойы күрескен.

     Кәріздің лас суына тұншыққан сәби 12 сағаттан астам уақыт жасанды тыныс алу аппаратына қосулы болды. Екі жасар балғынның ата-анасының дәрігерлерге деген алғысы шексіз. 

    Қазір баланың жағдайы бірқалыпты. Тиісті ем-дом алуда.