Вице-министр облыстың бас дәрігеріне жоғары баға берді


123a4ab4-7286-4d24-8ec8-3c5e2f9c0384.jpg

Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев облыстық клиникалық аурухананы аралап көрді.

Қонақтар пациенттерге қызмет көрсету, аурухананың техникалық жабдықталуын, Түркістан өңірінің облыстық клиникалық ауруханасы ұжымының кәсібилігіне жоғары баға берді.

Өз кезегінде вице-министр облыстың денсаулық сақтау жүйесіндегі жұмыстың ұйымдастырылуына және аймақтың дамуына үлес қосқан бас медик Мұқан Егізбаевқа жоғары баға берді.

         Бұдан бөлек, астаналық қонақтар қабылдау бөлмесі, инсульт орталығы, аурухананың реанимациялық бөлімін, Ситуациялық орталықты және облыстық клиникалық аурухананың оңалту бөлімін аралап көрді.