Емделушілерге үш тілде қызмет көрсетеді

Screenshot_4.jpg

Түркістан облысында туризмді кешенді дамыту мақсатында 2018-2025 жылдарға арналған туристік индустрияны дамыту тұжырымдамасы әзірленгені белгілі. Осы жұмыстар нәтижесінде 2025 жылға қарай Түркістанға келетін саяхатшылар санын 5 миллионға жеткізу жоспарланған. 

Туризм тек саяхатшыларды не зияратшыларды ғана емес, дертіне шипа іздеп келушілерді Түркістанға тартуы ғажап емес. Өйткені аталған тұжырымдамаға сәйкес алдағы жылдары тартымдылығы арта түсетін қалада 5 миллион қонаққа қызмет етумен қатар, оларға дер кезінде медициналық көмек көрсетуді де сабақтастыра дамытқан абзал. Яғни, заман талаптарына сай дәрігерлік көмек көрсететін емдеу мекемелері Түркістанда салынады. Демек, туризмнің тағы бір түрі медициналық туризмді қолға алу қажеттілігі туындайды. 

Бұл бағытта алғашқы медициналық жәрдем көрсету міндеті жүктелген денсаулық сақтау саласының орта буын мамандарын үш тілде оқыту Түркістан жоғары медициналық колледжінде қолға алынған. Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысына жасаған алғашқы іссапарында дәл осы арнаулы оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысқан болатын. Заман талаптарына сайы жабдықтарған оқу кабинеттерін аралап көрген министр студенттермен ағылшын тілінде сөйлесіп те көрді. Ведомство басшысы тез тіл табысып кеткен болашақ мейіргерлердің талаптарына сүйсініп, іскер басшы Ғалымжан Бимұрзаев басқаратын колледждің мұндай оқыту әдісін еліміздің өзге де оқу орындарына үлгі ретінде таратуға болатынын жеткізген болатын. Біртанов жоғары бағалаған колледж туристермен аудармашысыз-ақ тіл табысуға, медициналық көмек көрсететін мамандарды даярлауға әзір.