Түлектері елге тараған

Screenshot_5.jpg

Елбасы Н.Назарбаев Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойған кезде ер түріктің бесігі болған Түркістан қаласын облыс орталығы ғана емес, рухани әрі туристік орталық ретінде дамыту міндетін жүктеді. Яғни, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы салаларымен қатар облыстың экономикасын алға сүйрейтін туризм екенін айқындап берді. Осы орайда саяхатшыларды киелі шаһардың тарихи ескерткіштері ғана емес сонымен қатар медицинасы да қызықтыруы мүмкін. Алдағы уақытта Түркістан облысының медицина туризмі қарыштап дамымақ. Ол үшін облыста туризмді кешенді дамыту мақсатында 2018-2025 жылдарға арналған туристік индустрияны дамыту тұжырымдамасы әзірленген болатын. 

Елбасының бастамасымен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті болып құрылған жоғары оқу орнында бүгінде Медицина институты жұмыс істейді. Түбі бір туысқан Түркия елімен етене жұмыс істейтін білім ордасының медицина базасында болашақ білікті дәрігерлер тәлім алуда. Аталған университеттің түлектері бүгінде тек Түркістан төңірегінде ғана емес, Қазақстанның барлық аумағында елге қызмет етіп жүр. Яғни, Түркістанның медициналық туризмді дамытуға әлеуеті жетеді. Енді  алдағы уақытта соған сай осы бағытта туристердің ғана емес, әлем мойындаған медицина мамандарының да назарларын аударта алатын заман талабына сай емдеу мекемелері облыс орталығында бой көтермек.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Түлектері елге тараған