Бәсекеге қабілетті емхана

Screenshot_6.jpg

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысына жасаған сапары кезінде Түркістан қалалық орталық емханасына бас сұққан болатын.  Министрдің сапары кезінде емхана мамандары цифрландыру жүйесімен жұмыс істеудің үлгісін көрсеткен еді. Мұнда тіркелген тұрғындар бұрынғыдай қат-қабат құжат тасып жүрмейді. Ауру тарихы толтырылған кітапшасын да ақтарып әуре болмайды. Тек төлқұжатын көрсетсе болғаны, ортақ базадан медицина мамандарын пациент туралы қажетті мәліметті жылдатып ала қояды. Алдына келген адамды әуре-сарсаңға салмайды. Министр оған өзі куә болса да енгізілген жүйенің жұмысын бүге-шүгесіне дейін тексеріп көргені есімізде. Содан арада көп уақыт өтпей-ақ Түркістан қалалық орталық емханасы облыста ғана емес, елімізде цифрландыруда алдыңғы қатарлы мекеме деп танылды. «Биыл Түркістанда №3 облыстық перинаталдық орталықтың жанынан қосымша салынып жатқан 150 орындық корпус пайдалануға беріледі. Одан бөлек мұнда келешекте облыстық, қала берді халықаралық деңгейдегі жаңа аруханалар қажет. Себебі, мұнда туристер көптеп келеді. Бұл бағытта Елбасының Түркістан облысын дамыту жөніндегі тапсырмасы бойынша арнайы жоспар бекітілген. Сол жоспарға сәйкес, Түркістан қаласынан көпсалалы аурухана салынады, – деп еді Елжан Біртанов сол сапарында.

  Түркістан қалалық орталық емханасы бүгінде тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп отырған, бәсекеге төтеп беретін  бірден-бір мекеме.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Бәсекеге қабілетті емхана