Серозды менингиттен сақтаныңыз...

5343776.jpg

– Вирусты серозды менингит кезінде инкубациялық кезең 3-18 күнді құрайды. Ауру дене қызуының кенеттен жоғарылауынан басталады (40-41 °C). Қарқынды бас ауруы және интоксикация белгілері (бұлшық ет пен буындардың ауыруы, жалпы әлсіздік, тәбеттің болмауы) пайда болады. Дене температурасы 3-4 күндері жоғары күйінде сақталады, одан кейін субфебрильді (38 °С төмен) төмендейді, ал бірнеше тәуліктен кейін қайтадан 40-41°C-қа дейін көтеріледі. Бас ауыруы тұрақты сипатқа ие және әдеттегі ауырсынуды басатын заттарды қолдануға болмайды. Бас ауруы сыртқы тітіркендіргіштердің (шу, өткір дыбыс, жарқын жарық) әсерінен күшейеді, – дейді Гүлжан Даниярқызы.
Сонымен қатар, вирусты этиологиялы серозды менингитте жүрек айнуы, жеңілдік әкелмейтін бірнеше рет құсу, гиперестезия (жалпы және тері), яғни тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық болады. Жүрек тұсының, іштің, бұлшық еттің ауыруымен, доғашықтағы және бадамша бездердегі ұшық бөртпелерімен қатар жүруі мүмкін. Кейбір жағдайларда жоғарғы тыныс алу жолдарында талаурау, суық тию, мұрынның бітуі, жөтелу байқалады. Аурудың 1-2 күндері негізінен қолда, аяқта, ауыз қуысында және оның айналасында 24-48 сағаттың ішінде (кейде 8 күн) болатын, кейін жоғалып кететін бөртпе пайда болады.
Маманның айтуынша, қоздырғыш түріне қарай серозды менингиттің ауа-тамшы, қарым-қатынас және су арқылы жұғуы мүмкін. Серозды менингит соңғы кездері жаз мезгілінде жиі эпидемиялық бұрқауларға алып келуде. Серозды менингитті тудыратын энтеровирустың кейбір түрлері су арқылы берілетіні анықталған, сондықтан шомылатын мерзімде балалар арасында бұрқаулар, әсіресе энтеровируспен зақымдалған су қоймаларында, жиі тіркелуде.
Балалар арасындағы серозды менингиттің алдын алу шаралары:
- бұрқаулар кезеңінде жасөспірімдер және балалардың ашық су қоймаларында шомылуына шектеу қою;
- ішуге тазартылған немесе қайнатылған суды пайдалану, әсіресе жазда;
- жеке бас гигиенасын сақтау, әжетханаға барғанда және әрбір тамақ ішер алдында қолды сабындап жуу;
- жеміс-жидектерді жақсылап жуып, қайнаған сумен шаю;
- балаларды салауатты өмір салтын сақтауға, дұрыс тамақтанып, спортпен айналысуға үйрету;
- ұзақ уақыт теледидар, компьютер алдына отырғызбау. Ұйқысының тыныш болып, күніне 10 сағаттан кем болмауын қадағалау;
- кез келген вирусты инфекциямен ауырған балаға назар аударып, уақтылы емдеу.

Диагноз газеті

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Серозды менингиттен сақтаныңыз...