Семіздіктің алдын алған оңай!

ozhirenie_chem_vyshe_massa_tem_bolshe_bolezney.jpg

Дәрігерлердің сөзінше, олардың дені артық салмақтан қант диабетіне, жүрек ауруларына шалдығып, бауыры мен бүйрегі сыр берген соң ғана емделуге келгендер. Ақ халаттылар семіздіктің ауру екендігін мойындамай, ұят санап, уақытын өткізіп жатқандардың көп екенін айтады.

 

«Артық салмақ және семіздік – тері астына майдың жиналуынан туындайтын ауру. Артық салмақ – семіздіктің алғашқы белгілері. Семіздікте – ағзада май шамадан артық жиналады. Зат алмасудың бұзылуынан пайда болады. Генетикалық ерекшеліктен, тамақтану тәртібі бұзылғанда, гормональді ауытқулар, созылмалы вирусты инфекциялар, гиподинамия, күйзелістен артық салмақ жинай бастайды. Дегенмен, өңірімізде алиментарлы семіздікпен ауыратындардың қатары басым. Алиментарлы семіздік  тамақты көп жеп, бірақ аз қимылдаудан пайда болады», - дейді Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы эндокринология бөлімінің басшысы Ғалия Бөкейханқызы.
 

Семіздікке шалдыққан науқас бір ғана аурумен күреспейді. Денедегі артық майлар бүкіл ағзаның жұмысына кедергі жасайды. Мәселен, жүректі май басып, нәтижесінде инсульт, инфаркт алуы мүмкін. Бауырды «көмкерген» майдан өкпенің қызметіне нұқсан келеді. Тыныс алуы нашарлайды. Өт жолдарына тас түзіледі. Ең қауіптісі, семіздікке бой алдырған науқаста қант диабеті қатар жүреді.
 

Артық салмақ, семіздік – дене салмағының индексі (ДСИ) бойынша есептеледі. ДСИ = Дене салмағы (кг) / Бойының ұзындығы (м2). Мәселен, салмағы 79 келі, бойының ұзындығы 179 см болса, ДСИ формуласымен есептеп көрейік. Дене салмағының көрсеткішіне бойдың ұзындығының екі еселенген мәніне (квадратына) бөледі. 79кг/(1,79м*1,79м)=79кг/3,2=24,6 нәтижесі шығады. ДСИ=24,6. Бұл дене салмағының қалыпты екендігін білдіреді.
 

Дене салмағының қалыптан аз, қалыпты, не қалыптан артық екенін мына кестедегі мәндерден де білуге болады. Қалыпты ДСИ – 18,5 - 24,9 аралығы.

 




®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Семіздіктің алдын алған оңай!