Президенттік кадрлық резервті қолдауға шақырды
Мемлекет басшысы Тоқаевтың тапсырмасымен дарынды, бәсекеге қабілетті жастардың өсуі үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік салада басшылық қызметке тұру мүмкіндігі ашылып отыр. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік резервтегі тұлғалардың кандидатуралары қаралатын болады. Бұл азаматтар алдағы реформалардың қозғаушы күші болмақ.
Осы орайда Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы Қалдыбек Оразов Шолаққорған ауылындағы индустриялды аймақтағы бөшке шығаратын «UKO-S-Star» ЖШС мен иодтталған тұз өндіретін «Дархан-Ас» ЖШС болып, ондағы жас жұмысшы- қызметкерлермен кездесті.
Кездесу барысында аудан әкімі аппаратының басшысы Қалдыбек Оразов «Қазақстан Республикасы Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев өзінің қызметіне кірісер алдында Қазақстанды дамытуда жастардың қозғаушы әрі шешуші күшке ие екенін айтып, «Президенттің кадрлық резерві» жасақталатынын айтқан болатын. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызмет саласындағы саясаттың негізгі басымдықтары, Президенттік жастар кадрлық резервінің негізгі мақсаты мен міндеттерін жеткізу бойынша кездесіп отырмыз»- деді.
Жиын барысында өндіріс орнының қызметкерлері кадрлық резервке қатысты көкейіндегі сауалдарын қойып, пікірлерін білдіріп жатты. Жобаға өз қызығушылықтарын білдіріп, аудан әкімдігі қызметкерлерінің жүргізіген ақпараттық жұмыс үшін алғыстарын білдіріп, әріптестерін Президенттік кадрлық резервті қолдауға шақырды.