Алағашқы кітап
«Газет халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп Байтұрсынов айтқандай газет елдің мұқтажын сөйлеп, үддесіне шыға білу қажет. Түлкібаста талай жылдан бері жұрттың сүйіктісіне айналған басылым бар. Ол аудандық «Шамшырақ» қоғамдық – саяси газеті.
Газеттің іргетасы сонау 1931 жылы «Социалистік егінші» боп қаланған. Сол жылдан бүгінгі күнге дейін ауданның тыныс тіршілігін халыққа жеткізуде. Әр жылдары қаламы қарымды редакторлар мен журналистер еңбек етті. Газетте қазіргі таңда 16 адам жұмыс атқарады. Газет тиражы бүгінгі таңда 6200 құрап отыр. Өткен жылы аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен редакция ғимараты заманға лайық, толығымен күрделі жөндеуден өтті. Жиһаздары жаңарды. Материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Айналасы қоршалды. Ауласы көріктендірілді. Көгалдандырылды. Сонымен қатар «дөңгелек үстел» форматындағы түрлі кездесулер мен жиындар өткізуге арналған өз баспасөз орталығы жұмыс атқарады. Редакция жанынан «Шабыт» әдеби бірлестігі құрылған. Аталмыш бірлестік бүгінде әдебиетші қауымның бас қосып, шығармашылық туралы пікір алмасып, кітаптардың тұсауын кесер, мүшайра ұйымдастырар орынға айналып келеді. Өткен жылдан бастап редакцияға баспахана алынып, аудандық және облыстық газеттер басылуда. Сонымен қатар редакцияның ұйытқы болуымен жергілікті ақын Әбдібек Аралбайдың «Ізде мені» кітабы шығарылды. Алдағы уақытта тағы бірқатар кітаптарды шығару жоспарланып отыр.