Кітапханашылар домбыра шертіп үйренді

Screenshot_2.jpg

Қазақ пен домбыра егіз ұғым секілді. Бір-бірінен ажыратып қарау мүмкін емес. Себебі домбыра шанағында қазақтың талай сыры ақтарылып, талай мұңы шертілді, қуанышы айтылып, жыры төгілді. Қазақтың мақтанышына айналған домбыраның енді өзінің төл мерекесі бар. Бұл ұлтымыздың дәстүрі мен ғұрпының, өнерінің қайта жаңғыруы. 

Домбыраны ұлықтауда бәйдібектік тұрғындар да шет қалған жоқ. Шілде айының алғашқы жексенбісі "Ұлттық домбыра" күніне орай Бәйдібек аудандық кітапханасында " Бабамның үні домбыра" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл іс-шара жылдағыдан өзгерек өтілді. Әр жылдары оқырмандарға ұлттық аспабымыз домбыра туралы мәлімет беріп, күйлердің шығу тарихына үңілетін кітапхана мамандары биыл өзара тәжірибе алмасты. Яғни домбыра тарта алмайтын алайда қызығушылығы бар қызметкерлерді домбыра сырын білетін мамандар кітап қорындағы өнер саласына жататын нота кітаптарына қарап күй шертуді үйретті. Бұл бастама өте әсерлі болды. Ұлттық аспаптарды ұлықтап, ұлтын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеудегі "Рухани жаңғыру" осылай жалғасын тапты.