Тұрғындармен жүздесті
Төле би ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков халықтың талап-тілегін есту үшін Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Сарқырама, Мәдени ауылдарын аралаған әкім жергілікті тұрғындармен бетпе-бет жүздесіп, өзекті мәселелерін зерделеп шықты. Барлық мүмкіншілігі бар Жоғарғы Ақсулықтарға бос тұрған жерлеріне бау-бақша егіп, содан шыққан өнімдерін пайдалануға шақырды.
Қазіргі таңда 2635 тұрғыны бар Жоғарғы Ақсу ауылдық округі газбен, ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жол мәселесі мен түнгі жарықтандыруда өз шешімін тапқан.
Сондай-ақ аудан басшысы ауылдық округтегі бірнеше кәсіпорындардың жұмысына да қанық болды. Бірінші кезекте аудандағы етті-сүтті бағыттағы ірі кәсіпорындардың бірі – «Атамекен НАН» ЖШС-інен бастады. Аталмыш кәсіпорын аудандағы дәнді-дақылдардан (бидай, арпа) арнайы технологиямен өсірілетін өсімдікті өндіруді жүзеге асыруда. Бұл азықты өсіру арқылы малды жасыл азықпен жыл бойына (365 күн) қамтамасыз етуге болады. Өсімдіктің өсу уақыты - 8 күн және 2 кг дәнді дақылдан 18 кг азық алуға болады. Ал, 18 кг азықпен 2 бас сиыр қоректене алады.
Содан кейін, аудан әкімі жеке кәсіпкер Есімхан Дауытбековтің үй іргелік жерінен ашылған шағын сүт фермасының жұмысымен танысты. Кәсіпкер 50 бас «Голштейн» сиырын сатып алып, малдың басын көбейтуді қолға алған.