Түлкібаста эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Screenshot_18.png

Түлкібас ауданында  коронавирус жұқтырған бір азамат анықталған болатын. Ақсу-Жабағылы ауылының тұрғыны дәрігерлердің тез кезінде көрсеткен көмегінің арқасында тиісті емін қабылдап, жағдайы жақсарған. 

      Жалпы пандемияның құлағы қалқиған сәттен бастап аудан әкімдігі сақтық шараларын күшейтті. Жергілікті тұрғындарды үрейлендірмеу мақсатында әкімдік және медицина мамандары коронавирус туралы шынайы, толыққанды ақпараттар беріп, одан сақтанудың жолдарын насихаттады. Сондай-ақ арнайы жұмылдырылыған  техниканың және мамандардың көмегімен  ауыл-аймақ, көшелер мен мекемелер залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.  Ал Түркістан облысы карантинге жабылған күннен бастап ауданға кіре беріс қақапларға блок бекеттер орнатылып, онда жауапты мамандар кезектішілікке қойылды. Аурудың тарап кетпеуін болдырмау жолында сол блок-бекеттерде күндіз-түні тер төккен еткен жандардың еңбегі ұшан теңіз.  

    Тәжвирус бәрінен де елдің медицина саласының шама-шарқын анықтап бергендей. Себебі науқастың денсаулығы мен өмірі медицинаның әлеуетіне тікелей байланысты. Сондықтан болар аудан әкімі Нұрлан Байғұт бірінші кезекте аудандық орталық аурухананың базалық  материалдық жағдайына, қызмет көрсету сапасы мен қызметкерлердің біліктілігіне баса назар аударды. Төтенше жағдай кезінде карантинге жабылған аурухана бірінші кезекте науқастарға арақашықтықтан қызмет көрсетті.  Оның ішінде емдеу, профилактикалық, диагностикалық жұмыстар, одан бөлек тегін дәрі-дәрмектер, еңбекке жарамсыз парақшалaрды арақашықтан беру жолға қойылды.  Емдеу мекемесі  "Таза және лас" аймақтарға бөлінді. Олар жарияланбайды және құпия түрде сақталады. Барлық тиісті қызметкерлер методикалық семинарларға қатысқан.. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы, аудан әкімдігі, "Nur Otan" партиясы және т.б. мекемелер тарапынан жабдықтау мәселесі күшейтілді. Барлық БАҚ, тиісті жерлерде, базарларда, халық көп шоғырланатын жерлерде "COVID-19" індетін алдын алу бойынша көрнекті материалдар ілініп, халық арасында талқыланып, насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімдігінде құрылған штаб шешімімен ауыр індеттерге қарсы профилактикалық жұмыс жоспары түзілген. Жоспар бойынша тиісті қызметкерлер індет орын алған жағдайға өздеріне тиісті белгіленген жұмыстарды атқаруға дайын. Төтенше жағдайға байланысты аурухана, емхана және жұқпалы аурулар бөлімінде дезөткелдер қойылып, істен шықпай жұмыс істеуде. Бұл жұмыстармен жақында  аудандық орталық аурухананың бас дәрігері  Бақыт  Тұрлыбеков танысып шықты.  Бақыт Кеңесұлы осындай қиын-қыстау кезеңде  өз өмірлеріне қауіп төнсе де өздеріне берілген міндеттер мен талаптарды бұлжытпай орындап жүрген ақ халаттыларға алғысын білдірді. 

   Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші қарусыз майдан шебінде аудан әкімдігі мен адам жанының арашашысы медицина мамандарының бірлесе күресіп, қауіптің алдын-алу шараларын жүргізуінің арқасында қазіргі таңда ауданның эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Бір науқастан өзге Түлкібаста инфекция жұқтырған адам жоқ.