Коронавирус: Ресейде омикронның жаңа түрі анықталды
Ресейдің Пенза облысында коронавирустың омикрон штамына ұқсас XBB.1.5 түрі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресейлік ғалымдар Ресейдегі омикрон штамының кең ауқымды түрлерінен тұратын базаны жасаған және олардың арасында ВА.5 омикрон штамы көп болып отыр.
Роспотребнадзор зертханалары мен басқа да бөлімшелер Ресей және онымен көршілес бірқатар мемлекеттерде коронавирус нұсқаларының таралуын бақылауды жалғастырып, геномдық мәліметтерді VGARus ұлттық дерекқорына жүктеуде. Қазірдің өзінде 226 000 геном тізбегі жинақталған.
Бүгінде Ресейде короновирус геномдарын зерттеумен айналысатын 150-ден астам ұйым жүйеге қосылған.