"Кітап руханият өзегі" акциясы аясында, қалалық кітапхана қорын толықтыруға үлес қосты

Түркістан қаласында «Ауыл» партиясының белсенді жұмысы жалғасуда. Партияның Түркістан қаласы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Раманкулов Бақытжан Сұлтанұлы “Кітап руханият өзегі” акциясы аясында, қалалық кітапхана қорын толықтыруға үлес қосты.
Ол Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-не 20-ға жуық кітап табыстады. Бұл игі іс – жастардың білімін арттыруға, кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған қайырымды қадамның бірі.
Кітапхана басшысы Малдыбекова Гүлзадамен кездесіп, кітапхана жұмысы, оқырмандар сұранысы және мәдени шаралардың маңызы жөнінде пікір алмасты.
«Ауыл» партиясы алдағы уақытта да өңірдің рухани дамуына қолдау көрсетуді жалғастырады.
Бөлісу тақырыбы: "Кітап руханият өзегі" акциясы аясында, қалалық кітапхана қорын толықтыруға үлес қосты
