Бәйдібек: Әкім Мыңбұлаққа ат басын бұрды
Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков бүгін ауданға қарасты ауылдардағы жалпы ахуалдарды бақылау мақсатында барлама жасады. Арнайы іссапармен әкім алдымен Мыңбұлақ ауылына ат басын бұрды. Бұл туралы Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бірінші кезекте Қосбұлақ ауылындағы құрылысы жүріп жатқан 150 орындық мектептің жұмысын көріп шықты.
Одан кейін «Ауыл ел бесігі» бойынша округ орталығы Мыңбұлақта жүргізіліп жатқан жұмыстарды аралап көріп шықты.
Аудан басшысы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемелерге сапалы жүргізуді, орын алып жатқан бірқатар кемшіліктерді қалпына келтіруді тапсырды. Қазіргі таңда Мыңбұлақ ауылында бірқатар көшелерге асфальт төселіп, аяқжолдар салынып, суағарлар мен жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы жылғы 27 ақпандағы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биыл 15 қазанда өткен жиналыста осы мәселе бойынша нақты жұмысты ұйымдастыру керектігін атап өткен болатын
«Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.
Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша қанша жұмыс орны құрылады, қанша мектеп пен аурухана, қанша шақырым жол салынады, ауылдық елді мекендер газбен, сумен қаншалықты қамтылады, жоба аясында ауыл шаруашылығы саласында орта және шағын бизнесті дамыту үшін қандай шаралар қолға алынады.