Әкім құрсайлықтармен кездесті

Screenshot_45.jpg

Құрсайлықтар жыл соңына дейін  толық табиғи газбен қамтылатын болады. Осы мақсатта қазіргі таңда  2216 үйге жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде.  Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің аталмыш елдімекен тұрғындарымен кездесуі барысында мәлім болды.

Бұған дейін қала әкімінің онлайн қабылдауында болған аталған шағын ауданның тұрғыны ауданда ауыз су мен табиғи газдың жоқтығы, жарықтандыру, денсаулық сақтау нысандар мен жер мәселесін шешіп беруін сұраған болатын. Азаматтардың  шағымы бойынша Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті сала мамандарымен бірге Құрсай шағын ауданында болып, инфрақұрылым мен әлеуметтік нысан мәселесін шешу жолдарын қарастырды. 

Биыл Құрсайда жеке инвестор есебінен бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана құрылысы басталады. Бұл «Shymkent ӘКК» АҚ-ның ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр.  Тұрғын алапты ауыз су, табиғи газ және сапалы электрмен қамту жөнінде энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Боранбай Болатбеков хабардар етті. 

Құрсайды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірленген. Жалпы жоба құны 5,9 млрд теңге қаралған. Нысанның құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Ал, электр жарығымен қамту жұмысы 2019 жылы жүргізілген. Қамтылмай қалған 130 үйге осы жылы «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан модернизация бағдарламасы арқылы кіргізіледі.

 Шағын ауданда жалпы 55 көше бар. Оның 8-і топырақ жол. Тиісті басқармаға ұсыныс беріліп, осы жылы шағал тас төселінеді. Елді мекеннің екі көше ғана түнгі жарық шамдармен жарықтандырылған. 2021-2021 жылдары «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында тағы бір көше (Ә.Бекболатов) жарықтандылады. 

Шымкент тұрғындарының өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру күн тәртібіндегі басты міндет екенін айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы бұл бағыттағы мәселелерді жіті бақылауға алатынын және сала басшыларынан атқарылған жұмыстарды жүйелі түрде баяндап отыруды тапсырды. 



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Әкім құрсайлықтармен кездесті