«Түнгі балалар» азайып келеді

Screenshot_20.jpg

Балалар қауіпсіздігі – басты орында. Осы мақсатта бүгінде қала аумағында түнгі уақытта рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Ал, Ішкі істер органының есебінде тұратын тұлғалармен профилактикалық жұмыстар атқарылып, тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеріліп тұрады.

Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде ағымдағы жылдың екі ай көлемінде түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 842 жасөспірім анықталған. Қоғамдық орындарда алкоголь ішімдігін ішкен және мас халде болған 11 жасөспірім белгілі болған.  Сондай-ақ, құқықбұзушылықққа бейім 63 жас, өз міндетін дұрыс атқармайтын 39 отбасы есепке қойылып отыр. Қалалық Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, биылға жасөспірімдер арасындағы қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға төмендеген.

«Мектеп инспекторлары жасөспірімдерге түнгі уақытта көшеде үлкендердің қарауынсыз жүруге болмайтындығын, көшеде бейтаныс адамдар жолығып қалса өзін қалай ұстау керек секілді ситуациялардан шығу жолдарын түсіндіруде.  Түнгі рейдтік шараның мақсаты  беймезгіл уақытта  жүрген кәмелет жасына толмаған балаларды анықтау ғана емес, оларды түрлі қауіп қатерден сақтау. Мәселен олар қылмыс жасамаса да қылмыстың құрбаны болуының алдын алу. Ал өз балаларына дұрыс қарамаған ата-аналарға тиісті шаралар қаралуда»,- дейді  Шымкент қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Мұхтар Бұхарбаев. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Түнгі балалар» азайып келеді