Кәсіпкердің құқығын қорғап қалды

Screenshot_21.jpg

Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті кешенді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттік елімізде "Protecting Business and Investments, яғни бизнес пен инвесторларды қорғау" жобасын іске асыруда. Шымкент қаласының өзінде бұл жоба өз нәтижесін көрсетуде. Қазіргі таңда бұл жобаның көмегіне жүгінетіндер саны артып келеді. «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы аясында Департамент жалпы сомасы 80 млрд.теңгеге жуық 49 жобаны сүйемелдеуді жүзеге асыруда. Инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынуының басты шарты мемлекетіміздің аумағында адал және парасатты бизнес жүргізу бойынша өзіне міндеттеме алу болып табылады.

«Былтыр 30-ға жуық инвесторлардың құқығы қорғалды. Олардың ішінде 13-ке жуық лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Егер инвесторлар бізге қосылғысы келетін болса департамент  әрдайым ашық және құқықтарын қорғауға біз дайынбыз»,- дейді   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің аға офицері Сәбит Асылбеков .

Шымкентте «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы аясында тағы бір инвестордың құқығы қорғалды. Ол -  жеке кәсіпкер Хасан Камалов. Өз үйінен цех ашып, бас киім, шұлықтың сан алуан түрлерін өндіреді. Қаламызда шығарылған отандық өнімдерін саудалайтын өз дүкені де бар.  Бірақ дәл осы дүкені қызыл жолақта орналасып әкімшілік кедергіге жолығып кәсібін дөңгелуге кедергі болған. Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен заңға сәйкес оң шешімін тапқан.

«Мен өзімнің жеке шағын дүкенім болса деген арманым болатын. Онда өзімнің қолымнан шыққан отандық өнімдерім тұрса екен дейтінмін. Бұл арманым орындалып та еді. Брақ менің дүкенім қызыл жолақта деп дүкенімді жауып тастады.Бармаған жерім жоқ. Сонымен шыдамым таусылым Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттікке жүгіндім.  Осы мекемеге алғысымды айтамын. Бұл көмек тек маған ғана емес барлық жеке кәсіпкерлерге көрсетілген көмек. Мен секілді шындықты іздеген адамдарға бұл үлкен сенім деп ойлаймын»,- дейді жеке кәсіпкер. 

Жобаның жемісін көрген кәсіпкердің айтуынша, аталмыш жоба елімізге инвесторлардың көптеп келуіне үлкен септігін тигізеді және бизнестің дамуына тікелей үлес қосатын жақсы бастама.

 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Кәсіпкердің құқығын қорғап қалды