356 адам жұмысқа орналасты

Screenshot_22.jpg

Шымкентте әлеуметтік жұмыс орындарын құру мақсатында жұмыспен қамту орталығы тарапынан жыл басынан 22 ұйыммен келісімшарт жасалған. Нәтижесінде 87 азамат уақытша жұмыспен қамтылып отыр. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылатын жұмыспен қамту мерзімі 12 ай. Бағдарлама бойынша екі қолға бір күрек тапқан жандар бір жыл бойы тәжірибе шыңдап әрі жалақы алады. 

Әлеуметтік жұмыс  – халықты жұмыспен қамту орталығымен шарттық негізінде, олардың еңбекақысын субсидиялау арқылы қамтылатын жұмыс орны. Еңбекақы ретінде берілетін субсидияның мөлшері - салық, міндетті әлеуметтік аударым мен экологиялық үстемақының төлемдерін есептемегенде, пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақысын ескере отырып, белгіленген еңбекақы мөлшерінің 35%  құрайды. Бұл қаржы «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңында айқындалған ең төменгі еңбекақы мөлшерінен аспайды.

 Айта кетсек, өткен жылы Шымкентте бұл бағытта 356 адам жұмысқа жолданған. Орталық тарапынан тағы 200 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Мамандардың айтуынша бағдарлама қатысып, уақытша жұмыспен қамтылған азаматардың басым бөлігі сол мекемеде тұрақты жұмысқа қабылдануда. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 356 адам жұмысқа орналасты