Бейнекамералардың саны артпақ

Screenshot_8.png

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен алдағы уақытта қоғамдық орындарда қауіпсіздікті сақтауға фото-видео жазуға арналған автоматтандырылған 3700 бейнебақылау камераларды орналастыру жоспарлануда, оның ішінде 2240 жол қауіпсіздігін қадағаласа, 1500 қоғамдық қауіпсіздікті қадағалайтын болады. Осы камералармен 120 көше қиылыстарында (1440 камера), көше бойында 200 орынға 800 камера, халық көп шоғырланатын орындар мен үй аулаларында 1500 бейнекамера орнату жоспарлануда. Бұл келешекте құқықбұзушылық пен қылмысты болдырмауға оң нәтиже береді. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов қала тұрғындарына онлайн форматта  берген есебінде мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша халықтың қауіпсіздігін сақтап, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етіп қана қоймай өзіміздің тарапымыздан өткізіліп жатқан «Шымкент-таза қала» акциясын жүргізу барысында 300-ден астам полиция қызметкерлері ерікті түрде қаладағы Абай саябағын, Айбергенов көшесінде орналасқан 5 үйдің, 8-ші мөлтек ауданындағы 3 үйдің аулаларын тазартып, ойын алаңындағы құрылғыларды бояп, подъезд алдындағы отырғыштарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сол ауладағы үйлерде тұратын тұрғындардың алғысын алған.

Осы тұрғыда қала тазалығын қамтамасыз ету үшін және жасыл желекті қорғау мақсатында, полиция қатарындағы табиғатты қорғау инспекторлар санын арттыруға ұсыныс жасалып, олардың саны 10 қызметкерге артатын болды.



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Бейнекамералардың саны артпақ