Бала үшін тәрбие көзі ата-ана
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы ретте Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция инспекторлары және
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері бірлесе отырып, жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қалалық деңгейде рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 442-бап, 2-бөліміне сәйкес (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 15 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылып 33 жасқа түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
«Жасөспірімдердің құқықбұзушылыққа баруының негізгі себебі – олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін де айта кету керек. Сонымен қатар білім мен тәрбиені қатар ұстауға тиіс ұстаздар да негізгі басымдықты білімге беріп, тәрбие жағы ақсап жатады» ,-дейді ювеналды полиция өкілдері. Соңғы кезде әлеуметтік желі арқылы балаларды суицидке итермелейтін түрлі ойындардың көбеюі де сақтықтықты талап етеді дейді мамандар.