Кітап сыйлап қуантты

Screenshot_28.png

Мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылды  ресми түрде «Балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы» деп жариялады. Сонымен қатар, «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау мақсатында жалпыұлттық акцияны іске қосу қажеттігін тапсырған болатын. 

Осы орайда бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні аясында Шымкенттік химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі дәстүрлі кітап сыйлау акциясын өткізді.

Бұл күні оқушылар жылдағыдай бір-біріне кітап сыйлап, жүрекжарды ак тілектерін арнайды. Биылғы акцияға тек зияткер оқушылар ғана емес, сонымен қатар Шымкент қаласы № 24 C. Ерубаева атындағы ІТ лицей мектебінің оқушылары да қатысты. 

Акция ережесі бойынша оқушылар алдын-ала сауалнама толтырып, қалаған кітаптарының атауы мен авторын жазды. Одан кейін ұйымдастырушылар сауалнаманы талдап, құпия дос ретінде әр қатысушыға өзінің жұбын таңдап берді. Бір қызығы кітап беруші мен кітапты сыйға алушы бір-бірін білмейді. Алайда бұл оқушылар үшін кедергі болған жоқ, алдын-ала толтырылған сауалнаманың көмегімен оқушылар өздеріне ұнайтын кітаптарды сыйға алды. Өзің білмеген адамнан кітап сыйға алу және сыйлық сыйлау ерекше бір көңіл-күй сыйлайды екен. 

Бұл жолғы ерекшелік акция барысында "READx" жобасы болып өтті. Жобаның 3 спикері өздеріне ұнаған кітап желісімен бөлісіп, барша оқушыларға оқуға кеңес берді. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Кітап сыйлап қуантты