Мақтааралда қоғамдық қабылдаулар өтті

15.jpg

Мемлекет басшысы – Қ.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшуді ұсынған болатын.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогтың жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел әрекет ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Мақтаарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 5 мамыр күні «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалы Мақтаарал аудандық бөлімінде (Халыққа қызмет көрсету орталығы) департамент жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобы, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйым мүшелерінің қатысуында, азаматтарды мемлекеттік қызметтер көрсетулер бойынша қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімдігі хабарлады. 

Қоғамдық қабылдау барысында, азаматтарға ауыл шаруашылығы, білім, тұрғын үй, сәулет, қала құрылысы жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек алу, жер телімдерін заңдастыру және медициналық қызмет көрсету салаларына қатысты қызмет көрсетулер мен консультациялық кеңестер берілді.

Айта кетері, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында:

-«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем¬лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат¬тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә¬не әділ шешім шығару қажет. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мем¬лекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек,-деп, бұл салаға реформалардың аса қажеттігін айтқан болатын.