Төрт басқарманың есебі тыңдалды

Screenshot_13.png

Шымкентте өткен қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында төрт басқарма атап айтқанда: қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, туризм және сыртқы байланыстар,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй басқармаларының биылғы жылдың алғашқы тоқсанында атқарылған жұмыстары мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды. Жиында жалпы төрт мәселе қаралып, басқарма басшылары биылғы жылдың алғашқы тоқсанын қорытындылады.

Алдымен қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының баяндамасы оқылып, салада атқарылып жатқан мәселелер талқыға салынды. Басқарма басшысы пандемияның салдары мәдениет саласына да кері әсерін тигізгенін сөз етті. Дегенмен барлық мәдениет мекемелерінде ауқымды іс атқарылған.  Баяндамадан кейін жиын сұрақ жауаппен жалғасты. Тіл мәртебесі сөз болды.

Мәдени, көрнекті нысандары көп шаһарда туризм саласы әлі де кенжелеп келеді. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысына кеңес мүшелері бірқатар ұсыныстар айтып, сол бағытта жұмыс істеуге шақырды.

Кеңес Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың баяндамасымен жалғасты. Ол «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімнің жобасын ұсынды. Ал тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов мәслихаттың «Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы нормативті-құқықтық акт жобалары бойынша қоғамдық кеңес мүшелеріне баяндады. Жиында айтылған мәселелер мен ұсыныстар бойынша хаттамалық тапсырмалар берілетін болады.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Төрт басқарманың есебі тыңдалды