Әкім чемпионды қабылдады

4.jpg

 Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев Азия кубогында жүлделі орын иегері атанған жас спортшы Айтбаева Дананы арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жалпы спорт саулық кепілі. Өскелең ұрпақтың саулығы үшін бұқаралық спортты дамыту қажет. Бұл тұрғыда спортта жақсы жетістікке жеткен саңлақтарға құрмет көрсету, оны өзгелерге үлгі етудің маңызы зор.  Аудан басшысы чемпионмен кездесу барысында ауданның спорт саласындағы жетістігі тағы бір жүлдемен толыққанын, бұл жеңістің күшті рух пен үздіксіз шынығу және үлкен еңбектің арқасында келгенін атап өтті.

Айта кетсек, Түркістан облыс дене шынықтыру және спорт басқармасының Сарыағаш аудандық №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы Көшенов Бекболаттың шәкірттері Айтбаева Дана мен Давлатов Шерзод 2021 жылдың мамыр айының 13-16 күндері аралығында Алматы қаласында дзюдо күресінен жастар арасында өткен Азия кубогында жүлделі І және ІІ орын иегерлері атанды.

Жүлделі орын алған ауданымыздың жастарына алдағы уақытта әлем чемпионатында бақ сынап, еліміздің көк туын желбірететініне сенеміз.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Әкім чемпионды қабылдады