Кеңес отырысында ветеринарлардың есебі тыңдалды
«Nur Otan» партиясының Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында филиал төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлының қатысуымен филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік Қоғамдық Кеңес отырысы өтті.
Отырысты Кеңес төрағасы Сихымбай Уалиханұлы жүргізіп, төрағалық етті.
Кеңес отырысында Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рысқұл Оспанұлы мен «Сайрам аудандық ветеринариялық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Беглан Мамырбекұлының сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен мемлекет қаражатының тиімді жұмсалуы мақсатында атқарған жұмыстарының есептері тыңдалды.
Кеңес мүшелері «Беккер» шұңқұрлары мен әрбір ауылдардағы кезінде аудан бюджеті есебінен салынған Малдарды қолдан ұрықтандыру бекеттерінің қаңырап қараусыз қалғандығын айтып, мәселені көтерді. Сонымен қатар жайылымдық жерлердің тапшылығы мен қырым қанды безгегінің алдын алу бағытындағы жұмыстардың жоқтығын айтып, ұсыныстарын берді.
Кеңес мүшелері ветеринария саласын қайта зерделеу қажеттігін айтып, келесі отырыста есебін қайта тыңдау жөніндегі шешім қабылданды.