Сайрамда картоп жинау басталды

20.jpg

Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында осылай деген болатын. 

Президент Жолдауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз етуді, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыруды, еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейтуді, агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыруды негізгі міндет етіп белгілеп берді.  

Осы міндеттерді жүзеге асыру бойынша Түркістан облысының ауыл шаруашылығында көптеген тың жобалар жүзеге асуда. Халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында биыл Сайрам ауданында 3100 гектар алқапқа картоп егілді. Орташа өнім гектарына 180-200 центнерден алу жоспарлануда. Көлкент, Қарабұлақ ауыл округінде 1100 тонна картоп жинау жұмыстары басталып, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және аудан орталығында сатылуда. 

Айта кетейік, картоп Манкет, Қарасу, Құтарыс, Қайнарбұлақ ауыл округтерінде егілген. Аталған ауыл округінде жалпы жинау жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айының 15-25 аралығында басталады.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабаралуынша, сондай-ақ 2021 жылы ауданда 591 мың тонна мал азығын дайындау жоспарлануда. Оның ішінде: жоңышқа 155 мың тонна, шөп-370 мың тонна, сабан -45 мың тонна, сенаж – 21 мың тонна.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Сайрамда картоп жинау басталды