Депутат қоғамдық қабылау өткізді
Мәжіліс депутаты Сырым Ертаев Қазығұрт ауданында қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғамдық қабылдауға келген зейнеткер Бекболат Абуовтың айтуынша Қазығұрт ауылында жаздың күні су тапшылығы орын алады. Оған себеп, ауыз суды ауыл тұрғындары огорд суғару мақсатында қолданады. Өйткені ауылда ағын су жоқ. Осы ағын су мәселесін шешіп беруге ықпал етілуін өтінді.
Қ.Абдалиев ауылының тұрғыны Әмірәлі Ағабеков 30-ға жуық отбасы тұратын Ащыбұлақ елді мекеніне мектеп салып беруге ықпал етуін өтінді.
Қоғамдық қабылдауға қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев ағын су проблемасын шешу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын түсіндіріп өтті. Қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүргізіліп,сметалық құжаттар дайындалып,келесі жылдың бюджетіне ендірілетіндігін айтып өтті.
Мектеп құрылысы бойынша, бала сананың жетпеуіне байланысты Ащыбұлақ елді мекенінен мектеп салынбайтыны түсіндірілді.