Ақсақалдар алғыс айтты

Мәжіліс депутаты Қазығұрт ауданында Үлкен Келес магистральды каналының жұмысымен танысты. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады. 

image.png

Үлкен Келес магистралды каналының бүгінгі жағдайымен танысты. Канал құрылысы 1985 жылы аяқталып, пайдалануға берілген. Қолдануға берілген кезде каналдың екі жақтауында қоршау болған, бірақ қазіргі уақытта тозығы жеткен. Арнаға осы уақытқа дейін ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Үлкен Келес магистралды каналы  Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауыл округі Кезеңбұлақ елді мекені ішінен өтеді. Тереңдігі 4 метрді, су өткізу қабілеті секундына 45 текше метрді  құрайды. Канал айналасының ашық болуы салдарынан жергілікті тұрғындардың мал-мүліктеріне шығын әкелді. Сайлау науқаны кезінде ауыл ақсақалдары Сырым Ертаевқа Үлкен Келес магистральды каналының Кезеңбұлақ елді мекені арқылы өтетін бөлігінің екі жағын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес қоршауға ықпал етуін өтінген болатын.

Нәтижесінде халықтың тілегі орындалды. Кездесу барысында  ауыл ақсақалдары Сырым Ертаевқа сол үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар кездесу барысында ауыл ақсақалдары халықпен тікелей жұмыс жасап, елмен етене байланыс орнатқан аудан әкімі Арман Айдарұлына да алғыстарын айтты.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ақсақалдар алғыс айтты