Мемлекеттік қызметкерлер толығымен екпе алды
Түлкібас ауданы әкімдігінің аппараты мен дербес бөлімдер және ауылдық округ әкімдіктерінде барлығы 205 мемлекеттік қызметкер бар. Аталған мекемелерде індетке қарсы ұжымдық имунитет қалыптастыру мақсатында белгіленген санаттағы мемлекеттік қызметкерлер толығымен екпе алған. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен санаттағы 8 қызметкер екпе алудан босатылған (жүкті әйелдер, науқас және мүгедектігі бар қызметкерлер).
Қазіргі таңда аудан аумағында екпе егу пунктерінде 28470 бекітілген санаттағы аудан тұрғындары екпенің І-ші компонентің, 18924 азамат ІІ-ші компонентің алған. Соңғы тәулікте 970 тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші(580 азамат) және екінші(390 азамат) компонентің салдырған.
Айта кетері, Түркістан облысы коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша "сары" аймаққа енді. 18 шілдедегі жағдай бойынша өңірде COVID-19 ауруының 176 жағдайы тіркелген. Егу науқаны басталғаннан бері 505 675 адам вакцинаның бірінші компонентімен егілді. Екінші компонентті - 315 226 адам қабылдаған. Бүгінгі күні облыс бойынша 128 егу пункті жұмыс істейді. Сондай-ақ, өңірде 14 ПТР-зертхана, оның ішінде 10 мемлекеттік ПТР зертхана қызме етуде.