Инфрақұрылымда өрлеу бар

Screenshot_10.png

Кез келген шаһардың шым-шытырық шаруасы бар. Тұтас тыныстайтын мегаполистің тіршілігі түрлі саланың сәтті қабысуына да байланысты болады. Қала мен оның тұрғындары үшін әлеуметтік сала да, экономика мен мәдениет те маңызы. Дегенмен, күнделікті тұрмыста ойып тұрып орын алатын қажеттіліктің бірі инфрақұрылым екені даусыз.

Шымкент – Қазақстан бойынша аумағы ең үлкен қала. Үшінші мегаполис территориясы 1 170 шаршы шақырымды алып жатыр. Қаладағы шағынаудан, елдімекен, тұрғын алаптардың инфрақұрылым жүйесін үйлестіріп, тұрмыстық қажеттіліктерді жеткізу жауапкершілігі үлкен жұмыс екені анық.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Шымкент қаласының инфрақұрылымы қарқынды дамыды. Он жылға жоспараланатын жұмыстар үш жыл ішінде атқарылып, жол, ауыз су, көгілдір отын ел игілігіне берілді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде халықты ауыз сумен қамту деңгейі – 98 пайызға, газбен қамтамасыз ету – 93 пайызға, ал сапалы электрмен қамту көрсеткіші 97 пайызға жететін болады. Жалпы, 2023 жылға дейін шаһар тұрғындары 100 пайыз сапалы ауыз суға, 100 пайыз табиғи газға, 2025 жылға дейін 100 пайыз сапалы электр қуатына қосылады.

2019-2021 жылдары шаһарда жалпы ұзындығы 853,5 шақырым жол төселеді. Бұрын мұнша жол 10 жылда салынатын. Биылды қоса есептегенде, соңғы үш жылда, 18 тұрғын алабына ауыз су қосылып, 60 мың тұрғын таза су тұтынып отыр. Үш жылда 7 тұрғын алабы табиғи газға қосылып, 29 500 адам қызығын көріп отыр. Нәтижесінде, биыл жыл соңында ауыз сумен қамту деңгейі – 98 пайызға, газбен қамтамасыз ету – 93 пайызға, ал сапалы электрмен қамту көрсеткіші

97 пайызға жететін болады. Жалпы, 2023 жылға дейін халық 100 пайыз сапалы ауыз суға, 100 пайыз табиғи газға, 2025 жылға дейін 100 пайыз сапалы электр қуатына қосылады.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Инфрақұрылымда өрлеу бар