500 кәсіпкерге қолдау көрсетілмек

Screenshot_24.png

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында Шымкенттік 500 кәсіпкерге қолдау көрсетілмек. Соның негізінде 100 жоба жүзеге аспақшы. Бұл қосымша жұмыс орына ашуға негіз болмақ. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өткен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының жүзеге асуы бойынша бекітілген «Жол картасының» орындалуы бойынша Бюро отырысында айтылды.

Шетелдік инвесторлар шымкентте 15 жобаны қаржыландырмақ.  Оның үшеуі биыл іске асырылады. Құны 57 Миллион АҚШ долларын құрайтын жоба бірнеше жаңа жұмыс орнының ашылуына негіз болмақ. Бұдан өзге металлургия мен тоқыма өндірісі іске қосылады.Сондай-ақ, мақтаны қайта өңдеу көлемі екі есеге артып, 8 мың тонна ақ алтын терең  өңделеді. Бұл жол картасында айтылған негізі басымдықтардың бірі.

Жол картасының 70-ші тармағында айтылған басымдықтар бойынша қалада  арнайы  «Агроиндустриалды аймақ» құрылмақ. Онда жылыжай салынады. Мәртөбе тұрғын алабының аумағындағы аймақта отандық және шетелдік инвесторлар тартылмақ. Бұл келешекте қала  халқын жыл онекі ай көкніспен қамтамасыз етуге негізделген. Жобаның бірінші кезеңінде 6 жоба жүзеге асырылмақ.

 Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебековің айтуынша "Мен кәсіпкер боламын" жобасы аясында 2021 жылы 20 жобаны қаржыландыру көзделген.

Ал «Оңтүстік» арнайы  экономикалық аймақта 23 өндіріс іске қосылып, 1700 жұмыс орны құрылады. Еңбек жаппай кәсіпкерлерді дамтыудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 300 шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсат етілген. Бұл үшін бөлінген қаржы да қомақты.  Бюро отырсында партияның сайлауды бағдарламасына сай жасалған «Жол картасының» басқа да тармақтарының  орындалуы жан-жақты талқыланды.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 500 кәсіпкерге қолдау көрсетілмек