8 көшеге оң жақ өткел салынуда

Screenshot_23.png

Бүгінде үшінші мегаполисте тың идеялар мен бірыңғай бастамалар арқылы қала көркін қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Әсіресе, көлік кептелісін реттеу мәселелері алдағы уақытта шешімін таппақ. Соған орай, көше қиылыстарындағы оң жақ өткелдерді ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылуда. Үшінші мегаполисте жыл санап тұрғындары да, тиісінше көлік саны да артып келеді. Көліктердің көбеюі әрине жол кептілісін тудырады. Мұндай қиындықтың шешілуіне оң жақ өткелдер септігін тигізіп отыр.

Шымкент қаласында көлік кептелісін болдырмау мақсатында көшелердің қиылысына оң жақ өткелін салу жұмысы қарқын алған.  Қалада оң жақ өткелдердің жалпы қажеттілігі – 45 орын болса, биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында 8 көшедегі 10 орынға оң жақ өткел салынуда.

Айта кетсек, жыл басында биыл 11 орынға оң жақ өткел салу жоспарланған болатын. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жобаға өзгеріс енгізіліп, салынатын өткел саны он болып бекітілді.

Атап айтқанда, Сыпырған ата – Әль-Фараби, Сыпырған ата –Темірлан тас жолының қиылысы, Рысқұлов–Адырбеков, Арғынбеков–Өтегенов, Рысқұлов–Шаяхметов, Рысқұлов –Қазиев, Шаяхметов–Арғынбеков және Арғынбеков–Байтереков көшелерінің қиылысында құрылысты 3 мердігер мекеме жұмыс жүргізіп отыр. 

Аталған көшелерде жұмыс аяқталған соң 60 жол белгісі орнатылады. Оң жақ өткелін салу жұмысы осы жылдың сәуір айында басталған. Құрылыстың аяқталуы қазан айының соңына жоспарланған. Мамандардың айтуынша, бұған дейін салынған оң жақ өткелдер көлік кептелісін азайтуда септігін тигізуде. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 8 көшеге оң жақ өткел салынуда