Түркістан облысында су қоймалары суармалы алқапты көбейтуге көмектеседі

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен өңірді ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланған жиында өңірдегі 267 млн. текше метр ағын су тапшылығын толығымен жою мақсатында жүзеге асып жатқан алты жоба жайлы айтылды. Сонымен қатар, сала мамандандарының қатысуымен атқарылған жұмыстар мен қолға алынуы тиіс жобалар талқыланды.

image.png

Ақсу өзенінің бойындағы «Орта Ақсу» және «Жоғары Ақсу» тоғандарына күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 40 млн. теңге бөлінді. Ауқымды жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы вегетациялық кезеңде 10 млн. текше метр ағын суды үнемдеп, Арыс өзені арқылы Бөген су қоймасына тасталды.

Ал «Қапшағай» су қоймасын күрделі жөндеуден өткізген жағдайда сыйымдылығы 34 млн. текше метр болатын су қоймасын қайта құруға және төтенше жағдайдың алдын алуға негіз болады.

Шардара ауданындағы «Жаушықұм» алқабын игеру арқылы 12,2 мың га суармалы жер жаңадан қосылады. Жылына орта есеппен 100 млрд. теңге ауыл шаруашылығы өнімдері алынады. Жылыжай, балық өндірісі, қайта өңдеу саласы дамиды.

Түркістан қаласының ішкі жүйелері мен жасыл аймақты, шаһар айналасына құрылған «Азық-түлік» белдеуін ағын сумен қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді. Облыс орталығында бірнеше жасанды көл салынып, есу каналының құрылысы жүргізілуде. Жалпы алғанда, 80 млн. текше метр шамасында суды қажет етеді.