Облыстық маңызы бар жолдар жөнделіп пайдалануға берілді

Түркістан облысының Сайрам ауданында ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығы қарсаңында ауылдарды жалғайтын жолдар жаңартылып ел игілігіне пайдалануға беріліп жатыр. Олардан бөлек облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жөндейден өтуде. Солардың қатарында орташа жөндеуден өткен «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолы пайдалануға берілді.

image.png

Сонымен қатар, Сайрам ауданында «Ақсукент-Қарамұрт» бағытындағы жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдың жалпы ұзындығы 22,5 шақырымды құрайды. Өткен жылы басталған

шақырым жолдың жарамсыз бөлігі бұзылып қайта реттелсе, 7,7 шақырым жолға асфальт бетон жамылғысы төселген. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елді мекендердің ішіне жалпы 10 шақырым аяқ жол салынды. Сондай-ақ, автокөліктердің жол жиегіне тоқтауына ыңғайлы жағдай жасау және жол жиегінің бүлінуін болдырмау мақсатында құмды шағал тас қоспасы төселген. Одан бөлек, Ақсукент, Қарамұрт елді мекендерінде көліктерге арналған автотұрақтар салынған.

Айта кетейік, нысанның жөндеу жұмыстарына Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырыс берген. Ал «Корпорация «Сити-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер ретінде қатысқан. Мердігер міндетіне алған, атқарған жұмыстардың сапасы тапсырыс беруші жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» тұрақты қадағалауында болған.