Шөкеев жер қойнауын пайдаланушыларды тексеруді тапсырды
Түркістан облысының Сайрам ауданы аумағында 23 кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін орындардың рұқсат құжаттары алынғаны анықталды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің сансыз бабтар мекеніне жасаған сапары барысында айтылды.
Сапар барысында облыс әкімі Сайрам ауданы аумағында заңсыз жер қойнауын жою бойынша құрылған мобильді топтың атқарған жұмыстарымен танысты. Заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен жұмысшы және мобильді топ құрамдары құрылып, жаппай тексеру басталғаны белгілі. Облыс басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың әрі қарай жалғасатынын айтып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Мобильді топ құрамы ҚР Жер кодексінің 14-1, 147 баптарын басшылыққа алып, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сай пайдаланбай, заңсыз жер учаскелерін қазып, қиыршық тас өңдеп, құрылыс жұмыстарын жүргізіп отырған 31 жеке және заңды тұлғалар немесе 34 жер телімі анықталған.
Оның ішінде 15 заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға шара көріліп, сотта қаралуда. 19 заңсыз жер қойнауын пайдаланушылар бойынша Түркістан облыстық полиция департаменті тарапынан тергеп, тексеру жүргізілуде.
Сонымен қатар құрылған жұмысшы және мобильді топ, облыстық автокөлік инспекциясымен бірлесе 56 құм тас тасымалдаушы автокөліктерге 2 млн. 603 мың 640 теңге айыппұл салынды.