Түркістанда Орталық Азия елдері климат қаупін талқылауда

Түркістан қаласында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының (бұдан әрі-Қауымдастық) ұйымдастыруымен, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) қолдауымен «Өңірлік ынтымақтастық және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағытындағы бірлескен іс-қимылдар» Бірінші Орталық Азия форумы өтуде.

28.jpg

Форумға Қауымдастық Президиумының Төрайымы Әлия Назарбаева, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан Парламентінің депутаттары, Германия Елшілігі, халықаралық ұйымдар, бизнес және экологиялық қауымдастық өкілдері және тағы басқа азаматтар қатысуда.

Форум барысында Қауымдастық Президиумының Төрайымы Әлия Назарбаева климаттың өзгеруінің басты сын-қатерлерін атап өтіп, шек пен қайтарылмайтын нүктеге іс жүзінде қол жеткізу керектіне баса назар аударды. Спикер өз сөзінде 9 тамызда БҰҰ климаттық тобы (МГЭИК) көңіл көншітпейтін баяндама ұсынып отырғанын тілге тиек етіп, осының негізінде бүкіл әлем елдерін нақты іс-қимылдарға көшуге шақырды. Оған сәйкес, 10 жылдан кейін критикалық 1,5 градус жоғарылайды және температура көтерілуі мүмкін, ал жауын-шашын біркелкі болмайды. Нәтижесінде құрғақшылық, су тасқыны сынды қауіп-қатері көп болуы мүмкін, және бұл, ең алдымен, Орталық Азия аймағына жататын елдерге тікелей қатысты.

Іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Әлия Назарбаева Орталық Азия елдері үшін сын-қатерлерді азайтуда нақты іс-шаралар пакетін әзірлеуді және Париж келісімі шеңберінде алынған міндеттемелерді тереңдетуді және ұлттық деңгейде айқындалатын өз үлесімізді қосуға шақырды.

Анықтама: Осы құжаттың негізгі элементтері, жаһандық жылынуды 1990 жылмен салыстырғанда 2°C-тан төмен деңгейде ұстау болып саналады.

Мәселен, Қазақстан 2030 жылға қарай шығарындыларды 1990 жылғы деңгейден 15-25%-ға дейін, Қырғызстан 11,5-13,8% - ға, Тәжікстан 10-20% - ға, Өзбекстан 2010 жылғы деңгейден 10% - ға төмендетуді жоспарлап отыр. Түрікменстан белгілі бір талаптарға сай парниктік газдар шығарындыларын 2030 жылға дейін тұрақтандыруға немесе азайтуға ниетті.