Түркістан облысында тағы бір аудан 100 пайыз вакциналанды

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында екпе салдыруы тиіс азаматтар арасында вакцинаның бірінші компонентін соңғы болып қабылдаған Бекжан Атамбаев Көктерек кенті, Абай көшесінің тұрғыны, 5 баланың әкесі. Бүгінгі таңда көлік жүргізуші болып жұмыс жасайды. Күн сайын бірнеше адаммен байланыста болатын азамат бұл қадамға өзімен отбасының қауіпсіздігін ойлағандықтан барғанын айтады. Сонымен қатар, өзіміздің денсаулығымыз үшін қазіргі мынандай індетте екпе алу керек деп ойлайды.

image.png

Сарыағаш ауданында екпе егу жұмыстары қарқынды. Вакцинациялау жұмыстары 14 егу пунктері мен жылжымалы кешендерде жүргізілуде. Ауданда вакцина салдыруы тиіс 101 мың 700 адам толығымен екпе қабылдады. Қалған тұрғындар денсаулық жағдайына байланысты екпе салдырудан босатылған. Ал, созылмалы аурумен ауыратындар, жүкті және бала емізетін аналар, 18 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцинаны салуға болмайды.

Бүгінде эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Сарыағаш ауданы «жасыл» аймақта. Мұнда соңғы тәулікте КВИ-дің 4 жағдайы анықталды. Мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 250 орын бар, соның 170 төсек орны бос тұр. Инфекциялық стационарда 80 науқас емделуде. Пандемия басталғалы індеттің 596 жағдайы тіркелді. Оның 146-сында симптом байқалмаған.

Айта кетейік, пандемия басталғалы Сарыағаш ауданында коронавирус індетін жұқтырған 450 науқас індеттен толық айыққан. Жалпы 176 мың 61 ПТР сынамасы алынған. Сонымен қатар, 146 оттегі аппараты мен 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған.