Түркістан облысында тік дренажды ұңғымаларды іске қосу екі кезеңмен жүзеге асуда

Шардара ауданына іссапармен келген Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов пен Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевті халық сұрақтың астына алды. Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарының тұрғындары оңтүстік аудандардағы ағын суға қатысты маңызды мәселелерді Үкіметке жеткізуді талап етті.

image.png

Жиналған жұрт бұл аймақтардағы ағын су мәселесін де түбегейлі шешуді талап етуде. Тік денажды ұңғымалар суармалы жерлердің сортаңдануын болдырмау мақсатында жер асты суларының деңгейін төмендетуге арналған. Тұздану жоғары негізгі өңірлер Жетісай, Мақтарал және Шардара аудандары болып табылады. Мақтаарал және Жетісай аудандарында суармалы жерлердің ауданы 136 мың га құрайды, кеңес уақытында 842 бірлік жұмыс істеді, КСРО ыдырағаннан кейін тік денажды ұңғымалар жарамсыз күйде.

Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін барлық жерде жақсарту және олардың құнарлылығын арттыру мақсатында, сондай-ақ суаруға пайдалану мүмкіндігі үшін тиесілігі мен меншігіне қарамастан, істен шыққан барлық тік дренаж ұңғымаларын қалпына келтіру және реконструкциялау жөнінде кешенді жұмыстар жүргізу қажетілігі туындауда.

Жетісай ауданы бойынша тік дренаж ұңғымаларының жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру нәтижесінде Жетісай ауданының жалпы ауданы 37 мың 59 гектар, Шардара ауданында 64 мың 513 гектар суармалы жерлерінің мелиорациялық жай-күйі жақсарады. Шардара және Жетісай аудандарында 512 тік дренажды ұңғымалардың Ислам Даму Банкінің қаржысы есебінен екі кезеңмен іске асырылады.

Жиналған тұрғындар көтерген мәселелері бойынша жан-жақты жауап алды. Маңызды мәселелердің шешу жолдары жайлы айтылып, бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар ортаға салынды. Халық игілігі үшін жасалатын жұмыстар жалғаса береді.