Спорт-саулық негізі

21.jpg

Жуырда халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы.Барлық бастамамыз осыған бағытталуда. Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жеттік,-деген болатын. 

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және қылмыс пен құқықбұзушылыққа жол бермеу мақсатында жуырда Сарыағаш аудандық пробация қызметінің есебіндегі жастармен «Спорт-саулық негізі» тақырыбында спорттың кіші футбол түрінен жарыс өтті. Бұл туралы Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығы хабарлады.  

Жарыстың ашылуында сөз алған аудандық пробация қызметінің инспекторы А.Байтенов және Жастар ресурстық орталығы басшысы Н.Отаров жарысқа қатысушы жастарға сәттілік тілеп, жастарды спортпен ұдайы айналысуға шақырды. Жарысқа аудандық пробация қызметінің есебіндегі жастардан құралған 8 команда қатысып, өзара сынға түсті. 

Жарыс қортындысы бойынша: І-орынды Ордабасы, ІІ-орынды Құрама, ІІІ-орынды Жастар  командалары иеленді. Жеңімпаз командалар, үздік ойыншылар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Спорт-саулық негізі