Еріктілер қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

22.jpg

Барлық жағдайларда улы газбен улану, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан орын алады. Газбен уланудың негізгі себептері: пешті пайдалану ережелерінің бұзылуы мен пеш және түтін шығу орнында ақаудың пайда болуы немесе оның дұрыс жүргізілуі және оған салғырт қарау салдарынан пайда болады.

Жақында Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі аумағында ерікті жастардың қатысуымен "Иісті улы газдан сақтан" тақырыбында өрттің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындардың үйіне кіріп, таратпа қағаздарды таратты, қауіпсіздік ережелерімен таныстырып шықты. Тұрғындарға үй ішінде пештің немесе жылыту қазандығының дұрыс орналастырылуы түсіндірілді.

       Үйде тұрған пештер жарамды күйде болуы және өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын сақтауды ескере отырып, жабдықталуы тиіс. Пештерді пайдалану кезінде қарапайым талаптарды сақтау керек.

Жылыту маусымының алдында түтін жолдары мен пештерді күйеден тазарту қажет. Отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды оттықта орналастыруға, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ балаларға қадағалауға тапсыруға, пештерде және олардың жанында киімді, отынды және басқа да материалдарды кептіруге болмайды. Осындай іс-шаралар жергілікті тұрғындарға нұсқау беруге, оларды өрт қауіпсіздігінің қарапайым қағидаларын сақтауға және өрттің алдын алуға мүмкіндік береді. Өртті байқаған уақытта лезде шұғыл қызметтердің «101», «112» нөмірлеріне хабарласу қажет.


Кейінгі: Көптеген