Шымкент туризмін дамытуға кәсіби видеографтар үлес қосуда
Қазіргі таңда көптеген адамдар әлеуметтік желіні қолданады. Әлеуметтік желі арқылы олар көптеген тақырыпта видеолар көріп,таным көкжиектерін арттырады. Мысалы әрбір адам Нью-Йоркты, Лондонды көргісі келеді. Себебі олар кішкентайынан аталған қалалар туралы түрлі видеолар, фильмдер көріп өсті. Видео жиі қайталанған сайын ол адамның санасына әсер етеді. Сол себепті де видеоларға немқұрайлы қарауға болмайды. Әсіресе туризм саласын дамытуда креативті видеоның қосар үлесі зор.
Осы мақсатты Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыровтың бастамасымен үшінші мегаполис туралы кәсіби видеөнім әзірленді. Бұл өнімді танымал видеограф Қыран Талапбек даярлады. Қыран Талапбекті әлеуметтік желідегі жастар талантты режиссер әрі «Kyran Films» компаниясының негізін салушы ретінде таниды. Оның мотивациялық видео ретінде түсірген туындылары Instagram мен Telegram-да жүз мыңдаған қаралым жинайды. Ол осы уақытқа дейін Toyota, Lexus секілді брендтердің жарнамалық роликтерін дайындаған.
Басқарманың мұрындық болуымен Қыран Талапбек түсірген Шымкент туралы бейнеөнім бүгінде көп қаралым жинауда. Оны көрермендер бір-бірімен жаппай бөлісіп, өнім шетелдік көрермендерге де жетті. Нәтижесінде Шымкент қаласына деген қызығушылық әрмен қарай артты.
Алдағы уақытта Шымкент қаласы сапалы кәсіби бейнеөімдерді тұрақты түрде көрермен назарынан ұсынып, Шымкент қаласының беделін арттыруды жалғастыруды көздеуде.