«Jas Otan» төрағасы кәсіптік колледждің жұмысымен танысты
Түркістан облысы жастарының әлеуметтік белсенділігінің арттыруға бағытталған «Birgemiz Turkistan» жобасы мен облыстық «Jas Otan» жастар қанатының 2021-2025 жылдарға арналған жол картасындағы индикаторларды жүзеге асыру бойынша Түркістан облысы " Jas Otan " ЖҚ төрағасы, Түркістан қалалық маслихатының депутаты Жансерік Жұман Сарыағаш ауданына іс-сапар барысында №12 кәсіптік колледжінің өндірістік шеберханасының жұмысымен танысты.
«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты 2008 жылғы 14 мамырда Астана қаласында «Jas Otan» ЖҚ I Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған.
Ұйымның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық филиалдары, сондай-ақ, қалалық және аудандық деңгейде бөлімдері бар. «Jas Otan» Жастар қанатының Орталық кеңесіне Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдардың жастар көшбасшылары, жас спортсмендер мен мәдени қайраткерлер кіреді. Ұйымның мәлімделген міндеті - мемлекеттің дамуды жаңашылдыққа ұмытылуды қамтамасыз ету мақсатымен елбасының саяси платформасының негізінде Қазақстан жастарын біріктіру. Мақсаты - өзінің cоңынан жастарды тартып, қабілетті, мықты және абыройлы саяси жастар ұйымын құру.
Негізгі мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін «Jas Otan» ЖҚ негізгі жұмыс бағытын айқындайтын кезек күттірмес міндеттерді жүзеге асырады.