Жастармен семинар тренинг өткізілді

15.jpg

Түркістан облысы жастарының әлеуметтік белсенділігінің арттыруға бағытталған «Birgemiz Turkistan» жобасы мен облыстық «Jas Otan» жастар қанатының 2021-2025 жылдарға арналған жол картасындағы индикаторларды жүзеге асыру бойынша Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округіндегі Ғ.Мустафин атындағы мектептің оқушы жастарымен кездесу өткізілді. Бұл туралы Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы хабарлады. 

Кездесуге Түркістан облысы "Жас Отан" ЖҚ төрағасы,Түркістан қалалық маслихатының депутаты Жансерік Жұман, Сарыағаш аудандық маслихатының депутаты Әйгерім Керімбекова және Сарыағаш аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы, "Жас Отан" ЖҚ төрағасы Нұрғали  Отаров қатысты.

Мақсат – жастар арасындағы жұмыссыздың деңгейін төмендету, оларды спортқа баулу, құқықбұзушылықтың алдын-алу мен оған мүлдем төзбеу қағидасын қалыптастыру. 

Кездесуде жастармен ой бөлісіп, семинар тренинг өткізілді. "Серпін" мемлекеттік бағдарламасын насихаттай отырып, сұрақтарына жауап берілді.

Айта кетері, «Nur Otan» партиясының жанындағы Jas Otan – жастар қанаты, 21 жылдық тарихы бар, еліміздегі барлық санаттағы жас азаматтардың мүддесін білдіретін ең ірі жастар ұйымының негізгі мақсаты - жас қазақстандықтардың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі қалыптастыру үшін жағдай жасау.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жастармен семинар тренинг өткізілді