Сүт безі обырына ота жасады
Бүгінде сүт безі обыры диагнозы кез келген әйелде кездесуі белең алып тұр. Сүт безі обыры – әлемде әйелдерде ең көп таралған онкологиялық ауру түрі. Сондықтан сүт безі обыры сүт безін алып тастағанға дейін түбегейлі емдеуді қажет етеді. Операцияның салдары науқасқа физикалық және психологиялық қолайсыздықты тудырады. Алайда, заманауи медицинаның әлеуеті кеуденің пішіні мен мөлшерін сақтай отырып, жағдайды түзетуге мүмкіндік береді.
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының онкологиялық бөліміне 1977 жылы туған пациент сол жақ сүт бездің қатерлі ісігі диагнозымен жоспарлы түрде жатқызылды. Оған хирургиялық ем шара сол жақ сүт безінің тері астындағы мастэктомиясы, имплантпен бір мезеттік реконструкциямен жүргізілді. Ота Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды.
Бір мезеттік реконструкциясы бар тері асты мастэктомиясы – тері мен көлемді сақтай отырып, кейіннен өз тіндерімен немесе импланттарымен алмастыра отырып, безді алып тастау. Операция кезінде сүт бездің тіндері алынып тасталды. Бірақ, сонымен бірге теріні және емізік-ареолярлы кешенді сақтап қалды. Операциядан кейін 12 күн ішінде пациент қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды. Қазіргі таңда жағдайы жақсы.