Туберкулезбен күрес басты назарда

24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. Осы орайда, өткен жылды қорытындылаған Түркістан облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары өңірде өкпе құрт ауруына шалдыққан науқастардың саны біршама көбейгендігін мәлімдеді деп хабарлайды "Оңтүстік" телеарнасы. 2021 жылы Түркістанда туберкулезден аурушаңдық жүз мың тұрғынға шаққанда 3,8 пайызға жеткен. 

Screenshot_6.png

Бір жылдың ішінде өкпе құрт аурына шалдыққан түркістандықтардың қатары 3,8 пайызға көбейген. Бұл ретте, Шымкенттегі жағдай да мәз емес. 2021 жылы туберкулездің таралу көрсеткіші 9,8 пайызға жетіп, 17 жасқа дейінгі балалардың арасында аурушаңдық көрсеткіші  артқандығы байқалады. Мегаполисте өкпе құртынан тіркелген өлім көрсеткіші бүгінде 41,7 пайызға өсіп отыр екен. Аурудың мұнша асқыныуын ақ халаттылар былайша түсіндіреді.

 «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК, Түркістан облысы бойынша бас штаттан тыс фтизиаторы Бибігүл Тайшиеваның  айтуынша, қазір құрт ауруынан құлан-таза айығып кетуге барлық жағынан мүмкіндік бар. Тек ауру бастапқы сатысында анықталса болғаны. Бүгінде арнайы аппараттың көмегімен екі сағатта туберкулезді анықтап және  оған қарсы дәрілердің науқас ағзасына қалай әсер ететіні де зерттеледі. Бұл кеселдің алдын алу үшін жылына бір рет профилактикалық тексерістен өтіп тұрған абзал, дейді дәрігерлер. Сондай-ақ, жұқпалы дерт жасөспірімдердің арасында дендеп кетпеуі үшін екпе арқылы алдын-алу қажет екенінде алға тартады. 

Жалпы Түркістан облысы бойынша бүгінде 660 адам созылмалы ауруға шалдыққан. Ал, Шымкентте 399 науқас тіркеуде тұр екен.  Ауа тамшылары арқылы жұғатын бұл дерт ауру малдың өнімдерін тұтынған жағдайда да ағзаға жабысады екен. Егер де туберкулезге  шалдыққан бір адам өз кезегінде ем-дом қабылдамасы бір жылдың ішінде 15 адамға дейін ауруды жұқтыруы мүмкін. Көбінде балалардың арасындағы туберкулез ата-аналары арқылы жұғатын көрінеді.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Туберкулезбен күрес басты назарда